Астанада Қазақстандағы алғашқы Ozon фулфилмент орталығы ашылды
Астанада Қазақстандағы алғашқы Ozon фулфилмент орталығы ашылды
©www.gov.kz
345
оқылды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында шағын және орта бизнес туралы мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. «Елордамыздың экономикасының негізін шағын және орта бизнес құрайды. Қала тұрғындары мен қонақтары олардың қызметін күн сайын пайдаланады. Сол себепті біз кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жеке инвестициялар тарту, қаланың бизнес ахуалын одан әрі жақсарту бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Биыл 25 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мәселен, бұл жобалардың арасында өнеркәсіп, логистика, медицина, білім беру, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және т.б. бар. Бұл жобалар елорда экономикасына шамамен 87 млрд теңге жеке инвестиция тартуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Вице-премьер – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен бірге Ozon фулфилмент орталығын аштық. Бұл – кәсіпкерлерге онлайн-бизнесті кеңейтуге мүмкіндік беретін ірі логистикалық хаб. Онда 9 млн-ға дейін түрлі тауарларды сақтауға болады: азық-түлік, электроника, құрылыс материалдары және т.б. Аталған фулфилмент орталық 40 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Сол сияқты қалада жеке қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың (мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар), зауыттардың, логистикалық орталықтардың, өндірістік-тамақ кешенінің (нан зауыты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы) және т.б. құрылысы жүріп жатыр», – деп жазды елорда әкімі.