Атырау облысында ойнап жүрген екі бала канал суына құлап, бірі көз жұмды
Атырау облысында ойнап жүрген екі бала канал суына құлап, бірі көз жұмды
Фото: 24.kz
767
оқылды
Атырау облысында ойнап жүрген екі бала канал суына құлап кетті. Олардың бірі көз жұмды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 14 наурызда Құрманғазы ауданының Бірлік ауылында болған. Сол күні түнгі сағат 21.20-да Бірлік ауылында ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен. Соның салдарынан 10 жастағы бала суға батып, көз жұмған. Ал 7 жасар баланы ауыл адамдары құтқарып алған. Құтқарылған бала аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір аталған дерекке байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.