Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,39 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 466, 15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,14 теңге. Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 79 теңге. Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 462 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 464,5 теңге. Ресей рублі 5,95-6, 2 теңге аралығында саудаланып жатыр.