"Бұл қиын". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

"Бұл қиын". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

UFC-да өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің неге көпшілікпен кездеспейтінін түсінетінін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz. – Геннадий Головкин қазақстандық жанкүйерлер, БАҚ үшін айтарлықтай жабық. Ал танымалдылығыңды сен қалай қабылдайсың және АҚШ-та жүргенде қазақстандықтармен қаншалықты жиі араласасың? – Головкинді түсінемін, әрдайым жаттығу жасау керек болғанда шаршайсың, психологиялық түрде де тынығу керек. Арнайы барып, біреумен сөйлесу, суретке түсу, сұраққа жауап беру – бұл қиын. Бұл күшіңді алып қояды. Онсыз да жаттығудан шаршап келесің. Әрине, жанкүйерлерді де түсінемін, бірақ жауап беруге әрдайым күш бола бермейді.