Қордай қақтығысынан не түйдік?
Қордай қақтығысынан не түйдік?
200
оқылды
Қазақстандағы бірлік пен келісім – мемлекеттің №1 ба­сымдығы. Бұл жөнінде этносаясаттың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Президент Әкімшілігі бас­шы­сының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Осы құндылықты сақтау үшін мемлекет арандатушыларға ең қа­тал жаза қолдануға барады. – Біріншіден, этносаралық ке­лісім, бейбітшілік және қауіп­сіздік міндеттерін жүзеге асыруға мем­лекет өз қолындағы барлық ре­сурстарды бағыттайды. Елде міндет те, проблема да көп. Алайда бейбіт өмір мен тұрақтылық да­муымыздың және ел қауіпсіздігінің басты факторы. Сондықтан бұл сала – мемлекеттік саясаттың те­мір­қазығы. Екіншіден, Қазақстан азаматтарын тілі, діні, әлеуметтік жағдайы бойынша кемсітуге жол берілмейді. Қазақстандықтарды ұл­тына қарай кемсітудің кез кел­ген талаптарына құзырлы органдар қатаң тосқауыл қояды! – деді М.Әшімбаев. Үшіншіден, мемлекет ары қа­­рай да «еліміздің көп этностан құ­ра­луы – біздің артықшылығымыз және стратегиялық ресурсымыз» деп са­най береді. Мәулен Сағат­ханұлы бұл – Қазақстанның осал тұсы еме­сіне, керісінше жете пай­даланылмай отырған мүмкіндік­тері екеніне сенімді. Ол уақыт өте келе қазақ тілі елі­міз­­­де этносаралық қарым-қа­ты­нас ті­лі­не айналатыны туралы Президент Қ.Тоқаевтың идея­сы­ның үлкен перс­пективаға ие еке­нін де тілге тиек етті. Іс-шараға Парламент депу­тат­тары, Қазақстан халқы Ассамблея­сының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, сон­дай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Президент жа­­нындағы Қазақстан страте­гия­лық зерттеулер институтының ма­­мандары және т.б. қатысты.   Ерік ЕРДЕН