"AMANAT" ішкі өндірісті дамытуды қолдайды
"AMANAT"  ішкі өндірісті дамытуды қолдайды
271
оқылды
Қарағанды облысында ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары  кандидаттарының үгіт-насихат науқаны жалғасуда. Үгіт-насихат жұмыстары барысында кадидаттар Forever Flourishing Pty Ltd ЖШС металл бұйымдарын дайындау зауыт қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Бекзат Алтынбеков, Құдайберген Бексұлтанов, Александр Куприенко және Асқар Оразбеков "AMANAT" сайлауалды тұғырнамасының басымдықтары туралы айтты.  Кездесудің басты мақсаты –  "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының мәнін түсіндіру, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері үшін шешілмеген негізгі мәселелерді тыңдау. Сондай-ақ кандидаттар партияның басымдықтарының бірі   ірі компанияларға шикізатты елде қалдыру тиімді болатындай мәселені шешу болатынын атап өтті. Айта кетейік, "AMANAT" партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салады. Тапсырыс беруші: Б.К.Алтынбеков Қарағанды облысы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының Сайлау қоры  қаражатынан төленді.