Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы 2023 жылғы бокстан әлем чемпионаты басталды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы сапынан рингке 52 келіде өнер көрсететін Жазира Орақбаева шықты. Бұрымдымыздың бірінші қарсыласы тайвандық Чань Ча-Cунь болды. Жазира қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді. Орақбаева екінші раундтың өзінде тайвандық боксшыны екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласын кезекті рет есеңгіреткен кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. Еске салайық, әлем біріншілігінде 12 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Ал жарыс 26 наурызға дейін жалғасады.