ЖСДП: жаңа еңбек кодексі керек
ЖСДП: жаңа еңбек кодексі керек
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Мәжіліс сайлауына арнайы іске асырылған «Үгіт пойызы» жобасының қорытындысын шығарды.
Социал-демократтар: «Бұл жоба Қазақстан Республикасының барлық дерлік елді мекендерін қамтыды, соның ішінде, шалғай ауылдар да қамтылды. Үгіт-насихат пойыздарының басында филиал төрағалары мен депутаттыққа кандидаттар болды. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасы сайлаушыларға жеткізілді. ЖСДП үшін дауыс беріңіз! Лайықты өмір үшін дауыс беріңіздер!» деген үндеу жариялады.
Аймақтарда да социал-демократтардың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда. Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткер Нұрайнаш Камалова «Полимер Продакшн» компаниясының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде үміткер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның сайлауалды бағдарламасында жаңа Еңбек кодексін қабылдау туралы тармақ бар екенін атап өтті. Аталмыш құжатта еңбек шарттарында жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтарының теңдігін қамтамасыз етілетін қағидат бар.