Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды.