Ақмола облысында ер адам тұншығып өлді
Ақмола облысында ер адам тұншығып өлді
Фото: kaz.tengrinews.kz
1,770
оқылды
Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам тұншығып өлді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. Баласын өз үйінен өлі күйінде тапқан анасы шұғыл Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлаған. Анасының «ұлын белгісіз біреулер өлтіріп кетуі мүмкін» деген күдігі басым болған. Алдын ала белгілі болғанындай, қайтыс болған жігіт наркологиялық есепте тұрған. Дегенмен тексеріс барысында адам өлтіру дерегі расталмады. Ер адам асқазан, тыныс жолдары аспирациясы, яғни өз құсығына тұншығып өлгені белгілі болды.

Ақмола облысы