Шымкентте 17 жастағы бозбала 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Шымкентте 17 жастағы бозбала 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Қайғылы жағдай 16 наурыз күні сағат 15:35-те Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінде болған. Otyrar.kz телеграм каналының жазуынша, оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары баланың бірден көз жұмғанын мәлімдеген. Ал полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеді. Инсайдерлік ақпараттың дерегінше, анасы ұлын халық емшісіне көрсету үшін Атыраудан Шымкентке келген. 17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі «суицид» болуы мүмкін.