Спортты серік еткендер санын арттыру – партия алдындағы мақсат
Спортты серік еткендер санын арттыру – партия алдындағы мақсат
390
оқылды
«AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, оларды бұқаралық спортпен шұғылдануға тартуға барлық жағдайлар жасайтын болады. Бүгін кандидаттар Дүйсенбай Тұрғанов пен Фатима Тулеева «Атырау су спорт түрлері» ұжымымен кездесу барысында спорт саласына қатысты мәселелерді кеңінен қозғады. Басқосуға қатысқандар егде адамдарға арналған спорт түрлерін дамыту қажеттілігі туралы айрықша атады. Жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар жолға қойылып, бір ізге түсе келгенін атаған олар жасы ұлғайған адамдар да ұмыт қалмаса екен дейді.  width= Дүйсенбай Тұрғанов: «Барлық спорт кешендерінде ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін спортпен айналысуға жағдай жасауға ықпал ету туралы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген», – деді. Бұған қоса, облыста жыл сайын кем дегенде 80 спорт секциясын ашу және балалар үйірмелерін жаңғыртуды қолға алу, дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесін 12,2 пайызға дейін арттыру қарастырылып отыр.

Тапсырыс беруші: «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы «AMANAT» партиясының Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді