Энергетика саласын дамыту уақыт талабынан туындап отыр
Энергетика саласын дамыту уақыт талабынан туындап отыр
«Атырау Жарық» және KEGOK ұжымдарымен өткізілген кездесу барысында энергетика саласын дамыту мәселелері көтерілді. Басқосуға қатысқан «АМАNАТ» партиясы атынан алдағы сайлауға қатысатын бір топ кандидаттар партия тарапынан аталған тақырыпқа қатысты қалыптасқан оң бастамалар, жоспарлы жұмыстар жайынан хабардар етті. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дүйсенбай Тұрғанов: «Қазіргі таңда «KEGOC» АҚ жүзеге асырып жатқан маңызды жобалардың бірі – Қазақстан біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желісін нығайту. Бұл республиканың батыс аймақтары арасындағы 220 кВ электр желілерін күшейту арқылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың қуаттылығы мен сенімділігін арттыру үшін қажет. Жобаны аяқтау биылғы жылға жоспарланған. Жыл соңына дейін 800 шақырымнан астам 220 кВ әуе желілері салынып, жұмыс істеп тұрған 220 кВ қосалқы станциялар кеңейтіледі. Бұл партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында әзірлеген энергетика саласының даму векторымен үйлесетін өте маңызды жоба» деп атап өтті. Дүйсенбай Нұрбайұлы энергетика саласын басқаруды реформалау көзделіп отырғанын айтып, сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.  width= Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясындағы кездесу барысында Арман Баженов, Роман Максутов та қатысушылар тарапынан жолданған сауалдарға жауап беріп, сайлау науқанына қатысты жаңашылдықтарды таныстырды. Сайлаушылар белсенділігі аса маңызды аспект екенін атап, санаулы күндерден соң өтетін саяси науқаннан қалыс қалмау қажеттігін жеткізді. Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді