Мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру
Мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру
525
оқылды
«AMANAT» партиясының Атырау қаласындағы №7 округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Айжан Қарабаева сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Үміткер Абай атындағы №15 орта мектебінде ұстаздар қауымымен пікір алмасты. Қандай жетістік болса да біліммен келетінін атаған Айжан Сәрсенқызының өзі де – осы саланың өкілі. Сондықтан, кездесуді осы бағыттан бастап, мұғалімдердің сайлауға деген сенімдеріне, ертеңге деген үміттеріне риза болғанын атап өтті. «Мұндай қолдау депутаттыққа үміткер ретінде ел мүддесі үшін жұмыс істеуге мені одан әрі шабыттандырды», – дейді ол. Бұдан кейінгі шаралар легі «Анвар» супермаркеті, «Көктем» базарларында жалғасты. «Мұндағы мақсат – азық-түлік бағасын қадағалау. Үкімет кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірнеше жыл жеңілдік жасап келеді. Осы ескерілуі қажет. Күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды шекті бағадан асырмау – кәсіпкерге, сауда орындарының басшыларына міндет. Осыны ескерту, түсіндіру бағытында сауда нүктелерін араладым», – деп атап өтті кандидат.  width= Үлкеннің батасын алып, алдыңғы буынның айтар пікір-ұсыныстарына да назар аудару қажеттілігін ескерген облыстық мәслихат депутаттағына кандидат Айжан Қарабаева сайлауалды бағдарламасын таныстыру барысында Атырау облысының, қаласының және Махамбет ауданының Құрметті азаматы, өңіріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан еңбек ардагері Мадина Ғабдісәлімқызының үйіне барды. «Қашан да ел ертеңіне алаңдап отыратын ардагер анамызбен жүздесіп, қоғамға қажет өзгерістер мен сайлау туралы оң пікірін тыңдадым, кеңесін алдым. Сонымен қатар халық қалаулысы болу – зор жауапкершілікті арқалау екенін ескертіп, үміткер ретінде сенім артты» деген Айжан Сәрсенқызы штаб мүшелерімен бірге Береке селолық округі тұрғындарымен де кездесті. Басқосулар барысында сайлауалды бағдарламасында көзделгеніндей, әлеуметтік салаға басымдық жасау, отбасы құндылығын сақтау, ұрпақ тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, штаб мүшелерімен бірге қарттар үйіне де бас сұққан кандидат мүгедектікті тағайындауға қажетті құжат толтырудың жолдарын сұрап, аталған мекемеде жұмыс істейтін кіші қызметкерлердің жалақысының аздығын айтқан қатысушылардың «Бұл тақырыптар депутаттар тарапынан ескерілсе екен» деген талап-тілектерін де тыңдады. Кандидат Айжан Сәрсенованың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі отбасы құндылығы. Сол мақсатты көздеген жұмыстар барысымен етене танысу үшін облыстық балалар ауруханасында өткізген кездесуде де денсаулық саласындағы күрмеулі мәселелерге қатысты ұсыныстарды тыңдады. Бұл секілді басқосулар Алмалы ауылдық округінде де жалғасып, білім, денсаулық, әлеуметтік салаға айрықша мән беретінін өзінің сайлауалды бағдарламасының басты ұстанымдары ретінде айқындаған кандидат мектеп ұстаздарымен де жүздесті. Басқосулар барысында саяси науқанның маңызын түсіндіріп, қоғамдағы жаңа өзгерістерге бірге атсалысуға шақырды. Тапсырыс беруші: Атырау облысы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді