Respublica көшбасшылары Сall-орталықтан байланысқа шықты
Respublica көшбасшылары Сall-орталықтан байланысқа шықты
192
оқылды
Бүгін Respublica төрағасы Айдарбек Қожаназаров пен тең төрағалары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар бір күн бойы партияның байланыс орталығының операторлары болып, партия қатарына қосылған жақтастарын телефон арқылы құттықтады. Call-орталық Respublica партиясы құрылған кезден бастап өз жұмысын бастады. Онда орташа есеппен, күніне 1000 және одан да көп қоңырау түседі. Науқан кезеңінде байланыс орталығына 60 000-нан астам қоңырау түсті. Ал бүгін Respublica жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттар күні бойына Call -орталықтың операторы болып жұмыс істеді. Олар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, партия қатарына өтуге өтініш білдірген азаматтарды құттықтады.
«Қайырлы күн, сіз партияға кіруге өтініш жібердіңіз. Менің есімім – Айдарбек Қожаназаров. Сізді құттықтау үшін телефон соғып отырмын. Сіз біздің партияның мүшесі болып тіркелдіңіз. Үш күннен кейін электронды поштаңызға партбилет жібереміз. Бізбен бірге болғаныңызға рахмет! Қазақстанды бірге дамытайық!» – деді партия төрағасы А.Қожаназаров қоңыраулардың бірінде.
Айта кетерлігі, азаматтар Respublica партиясының Сall-орталығына түрлі сұрақтармен жүгінеді. Жиі қойылатын сұрақтар: «Партияға қалай кіруге болады?», «Партия билетін қалай алуға болады?», «Партия қатарына өту шарттары қандай?», «Фирмалық партия аксессуарларын қалай алуға болады?» және т.б. Кейбір азаматтар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы, сондай-ақ алдағы Парламент сайлауының ерекшеліктері жайында көбірек білуге тырысады. Операторлар Қазақстан халқына барлық мәселелер бойынша кеңес беріп, мүмкіндігінше көмектесуге әзір.