Нұр-Сұлтанның «Шығысы» мен «Жағалауы» нотариус арқылы сатылмайтын болды
Нұр-Сұлтанның «Шығысы» мен «Жағалауы» нотариус арқылы сатылмайтын болды
Фото: Интернеттен алынды
192
оқылды
Астанада екі проблемалық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді нотариуспен рәсімдеуге тыйым салынғанын Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі ресми хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үй кешендері бойынша пәтер сатуға қатысты нотариалдық іс-әрекеттерді жасауға тыйым салды. Үлескерлердің арасында Msabi Invest компаниясы «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді сатып жатыр» деген ақпарат таралуда. «Елорда құрылыс компаниясының» мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары тарапынан аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізіледі. «Азаматтарды бұл тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді сатып алмауға шақырамыз. Себебі бұлар проблемалық кешендер болып табылады. Және бүгінде осы нысанды құрылыс салушыдан үлескерлерге қайтарып беру жұмыстары жүргізілуде», - деді «Елорда құрылыс» компаниясының директоры Бауыржан Нұрашбеков. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясының ұсынысы бойынша қалалық прокуратура аталған тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді алу бойынша нотариалдық іс-әрекеттерді жасау бойынша тыйым салды.