Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
© baq.kz

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай болады.

19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің батысында болжанады.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 7-20 градусқа, ал күндіз 0-8 градусқа дейін төмендейді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.