Арқалықта мас жүргізуші аялдаманы бұзып кетті
Арқалықта мас жүргізуші аялдаманы бұзып кетті
411
оқылды
Арқалық қаласында полиция қызметкерлері аялдамаға соғылған көліктің жүргізушісін ұстады.
Полиция ВАЗ 2112 автокөлігін тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші аялдамаға соғылғанын, оны куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізгенін хабарлайды. Ол мас күйінде болғаны да нақтыланады.
"Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айыруды көздейді", – делінген хабарламада.
Полиция жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмағанын атап өтті.