Полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті қолға түсірді
Полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті қолға түсірді
1,140
оқылды
Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті қолға түсірді. Оның бірі 21 жастағы қызды үйінен құда түсіп, алып кетіп, артынан туыстарынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп6 2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында кең ауқымды “Іздестіру” операциясын өткізді. Криминалдық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша бірқатар арнайы операциялар жүргізді. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылды. Мысалы, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Самарқанд қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген.