Жас конькишілер жарысты
Жас конькишілер жарысты
266
оқылды
Астанадағы «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіру­ден IV қысқы Жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Әйелдер арасында 1500 метрде елордалық Алина Дауранова қар­сы­лас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алёна Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге қол жеткізді. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қос­танай облысы) чемпион атан­са, Роман Биназаров (Қоста­най облысы) пен Михаил Глущен­ко (Алматы) одан кейінгі тұғыр сатысына көтерілді. Ұлттық құрама спортшысы Алина Дауранова масс-стартта да мәреге бірінші келіп, осы ойын­дардағы 6-алтынын мойнына тақты. Қалған жүлдені Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Крис­­тина және Алина Шумекова­лар иеленді. Ерлер арасындағы тартысты сында алматылық Абдумәлік Ас­қар­дың мерейі үстем түсті. Ол командаласы Михаил Глущенко мен елордалық Руслан Жанаділов­тен бір табан алда болды. Конькимен жүгіруден IV қыс­қы Жастар спорт ойындарында жалпы есепте Астана қаласы же­ңіс­ке жетсе, Қостанай облысы екін­ші, Алматы қаласының ко­ман­дасы үшінші сатыға тұрақтады. Кешенді жарысқа 8 облыс пен 2 қаладан барлығы 120 таңдаулы конькиші қатысты.