Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің үш қаласында арнайы операция жүргізді. 15-16 наурызда ҰҚК Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұсталғандардың өзге де қылмысқа қатысы анықталып жатыр. Айта кетейік, жыл басында осындай шара Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласында жүргізілді.