Адам құқықтарын қорғау – басты назарда
Адам құқықтарын қорғау – басты назарда
324
оқылды
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке іл­типат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақ­стан мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жо­­ғарғы комиссарының басқармасы арасында­ғы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңыз­ды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елі­міздің адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның негізгі конвенциялары мен хаттамаларының бәрін ратификациялады және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласында өзара белсенді іс-әрекет механизмдері жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде де айтты. Мемлекет басшысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын жүзеге асыру аясында қолға алынған қоғамдық-саяси жаңғыру бастамасын былтырғы жалпыұлттық референдум мен президент сай­лауы кезінде Қазақстан халқы қолдағанын жеткізді. Өз кезегінде Фолькер Тюрк қонақжайлылық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты және осы жылдарда адам құқықтары мә­селесі бойынша ұйымның Қазақстан билігі­мен арадағы қалыптасқан қарым-қатынасына оң баға берді. Сондай-ақ Жоғарғы комиссар Президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақытылы қолға алынғанын атап өтті.
– Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым. Біз үшін аза­маттардың құқықтарын қорғау мәселесі рефор­малардың ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты. Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негіз­делуге тиіс деп ойлаймыз. Биыл Адам құқықтары­ның жалпыға бірдей декларациясының қабыл­данғанына 75 жыл толады. Біз бұл атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастырғымыз келеді, – деді Фолькер Тюрк.