Мәдина Сәдуақасова енесімен келіспей қалғанын айтты
Мәдина Сәдуақасова енесімен келіспей қалғанын айтты

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова  енесімен арасындағы қарым-қатынасы туралы бар шындықты «MOM’sкий әңгіме» YouTube арнасында айтты.

Әншінің айтуынша: «Ене мен келіннің арақатынасын реттейтін – ер адам. Олжас маған ұсыныс жасағанда: “Өмірлік жарым ретінде өзіңді көріп тұрмын. Менің анам алғашқыда мені түсінбеуі мүмкін, кейін сенің қандай адам екеніңді білгеннен соң ол сені жақсы көріп кетеді” — деді. Осылай 9 жыл өтті. Анасы осы уақытқа дейін бірде-бір сөз айтқан емес. Келіспей қалған бір сәт болды. Ол кісілер Әнуарды ешкімге көрсеткісі келмеді. Ұлымды бағдарламаларға, көпшілік алдында, әлеуметтік желіге шығаруға қарсы болды. Дана Нұржігіт жүргізетін бағдарламада Роза Қуанышқызы Әнуардың тұсауын кесетін болды. Менікі Роза Рымбаева ұлымның тұсауын кессе деген арман ғой. Әнуар бір жасқа толмаған, сол түсірілімге апарғым келді. Ал енем қарсы болды. Сол сәтте арамызда түсініспеушілік болды. Бірақ ол кісі халыққа танымал адам тұсауын кесетін болғандықтан, немересін көпшілік көретінін түсінді. Әнуарды көргенде бәрі “мына бала әкесінен айнымай қалған екен ғой”, — деді. Енемді халықтың осы сөздері де жібіткен болар”, — дейді әнші.
Айта кетейік, сұхбат барысында Мәдина  енесімен екі жыл бірге тұрғанын айтты.