Көлік жүргізетіндерге арналған мобильді қосымша әзірленді

Көлік жүргізетіндерге арналған мобильді қосымша әзірленді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ-мен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі.

Қазір  қосымшаны PlayMarket және AppStore-да жүктеп алуға және пайдалануға болады.

"Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың қазіргі жай-күйі, трассалардың ашылуы/жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар", — делінген хабарламада.

Республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы барлық өзекті ақпарат жиналды. Ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыруға мүмкіндік бар.

ҚазАвтоЖолдың” call-орталығын жылдам теру функциялары, сонымен бірге байланыс орталығына ЖКО, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлау мүмкіндігі көзделген.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.