Қазақстанда жаңа екі мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа екі мереке пайда болуы мүмкін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстанның мерекелік күндерінің тізіміне аналар күні мен әкелер күнін енгізуді ұсынады. ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды Аналар күнін мамырдың екінші жексенбісінде, ал әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісінде атап өту ұсынылған. Бұл ұсынысты осы жылдың 5 сәуіріне дейін талқылауға болады. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Ұлттық баспасөз күнін бекіту туралы ұсыныс айтылған болатын. Ол 2 ақпанда тойланады.