Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, тағы бір сенсация жасады

Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, тағы бір сенсация жасады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік теннисте әйелдер арасындағы көшбасшы Ига Швёнтекті ұтып, АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездескен Елена Рыбакина өзінің мықты екенін тағы бір дәлелдеді.

Бұл жолы да Елена қарсыласына жол бермеді. Екі партияда қатарынан 6:2, 6:2 есебімен ұтып, ол басымдыққа ие болды.

Осыған дейін қос теннисші үш рет кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен болатын.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.