Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінісі болды

Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінісі болды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы сенбі, 18 наурызда Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 08.14-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Гёксун ауданында, 7 шақырым тереңдікте болды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.