Сайлау-2023: Бүгін ең бірінші кім дауыс берді?
Сайлау-2023: Бүгін ең бірінші кім дауыс берді?
Фото: tengrinews.kz
Бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары үшін Еуропа, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Үндістан және т.б.  мемлекетте 77 дауыс беру учаскесі ашылды. Сеулде тұратын Қазақстан азаматы, курсант Елнұр Асанов ең бірінші болып дауыс берді. Ол сайлау учаскесіне арнайы салтанатты киім киіп барды.