Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлауда дауыс берді. Әлихан Смайылов Астанадағы Ұлттық кітапхананың ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл сайлау учаскесінде 2744 сайлаушы тіркелген. Бұған дейін 8272 учаскеде тұрғындар дауыс беруге кіріскені туралы жазған болатынбыз.