Түркістан облысының Созақ ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев алғашқылардың бірі болып Сызған ауыл округіндегі №701 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын ауданның дамуына жұмсап, елге қызмет еткен ардагер бүгінгі маңызды саяси науқан жоғары деңгейде, әділ өтсін деп бата берді.
– Ел болашағы үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан мен де жасым 90-нан асқанына қарамастан таң сәріден келіп өз таңдауымды жасап, саяси науқаннан шет қалмадым. Қашан да еліміз аман, бейбітшілік заман болсын, – деп ізгі ақ тілегін жеткізді. Сайлау комиссиясының жұмысына табыс тіледі.