Қазалы қаласында тұратын үшем Дариға, Әлия, Динара Шәкір саяси науқанда өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне келді. Үшем Қазалы аграрлық-техникалық колледжінде орналасқан №66 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бір-бірінен ешқашан ажырамаған бауырлар өз таңдауын жасауға бірауыздан атсалысты. – «Әрбір саяси науқанды құр жібермейміз, міндетті түрде келіп дауыс береміз. Біздің жасаған таңдауымыз, берген дауысымыз еліміздің болашағы үшін маңызды», – дейді үшем. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Арман Мұсаев үшемдерге арнайы сый-сияпат тапсырды.