«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев сайлауда дауыс берді
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев сайлауда дауыс берді
310
оқылды
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.    width= Ол елордадағы №113 сайлау учаскесінде дауыс берді.    width= «Бүгін Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды қадам жасадық. Әрдайым дұрыс таңдау жасай білетін қоғам ғана алға басады. Сайлау бәсекелі, ашық форматта өтіп жатыр. Еліміздің тыныштығы мен берекесін арттыру үшін әр азамат, әр сайлаушы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Ертеңгі ел тағдыры осы дауыс беру нәтижесіне байланысты болмақ. Сондықтан Қазақстан халқы мемлекеттің алдағы 5 жылдағы даму бағытын айқындауы тиіс», – деді ол.