Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс берді (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс берді (видео)

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді. Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында №393 сайлау учаскесінде дауыс берді. Халықты Наурыз мерекесімен құттықтады.  

«Наурыз мерекесі халқымызға жақсылық, көктемнің жарығы мен қуанышын алып келсін. Әр отбасына жақсылық тілеймін!», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.