Сайлау күні Атырауда 13 сәби өмірге келді

Сайлау күні Атырауда 13 сәби өмірге келді

19 наурыз күні Атырау облысында 13 сәби дүние есігін ашты.   Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 19 наурыз күні сағат 11:30-ға дейін облыста 13 сәби дүниеге келген. Оның 7-і ұл, 6-ы қыз. Ана мен сәбидің денсаулығы жақсы, дәрігерлер қадағалап отыр.