Билік пен халықтың арасында саяси коммуникация қалыптасты – Дулат Өтеғали
Билік пен халықтың арасында саяси коммуникация қалыптасты – Дулат Өтеғали
398
оқылды
Әлеуметтанушы Дулат Өтеғалидің айтуынша, сайлаушылардың құқықтық жауапкершілігі жоғарылаған. Оны сайлауға қатысушылардың белсенділігінен байқауға болады, – дейді сарапшы.  «Сайлау жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бұл қазіргі азаматтық қоғамның көрінісі. Сайлаушылар отбасымен бірге келіп дауыс беріп жатыр. Медиа саласында да телемарафон көп жүргізілді. Үміткерлерден бөлек саясаттанушылар да, қоғамның өкілдері де осы саяси науқанға қатысты көп пікір білдірді. Партиялар ғана емес, бір мандатты округ бойынша шығып жатқан үміткерлердің арасында да бәсеке жоғары өтті. Үміткерлердің бағдарламалары, ойларын ашық білдіруі, оған қоғамның пікір білдіруі – саяси коммуникацияның қалыптасқанын білдіреді. Ең үлкен өзгеріс – саяси реформалардың енуі. Жаңа саяси партиялардың сайлануы да қоғамның ашықтығын көрсетті. Үгіт-насихат жұмысының ашық жүргізілуі де жоғары болды. Сайлаушылардың бағдарламалармен таныс болуы, олар өздері сайлаған кандидатқа көңілі толмаса кері қайтарып алуға мүмкіндігінің болуы да саяси жаңалықтың, өзгерістердің белгісі. 2019 жылдан бері жүріп жатқан реформалар қоғамда құқықтық жауаптылықты арттырғанын, жауапкершіліктің жетілгенін білдіреді», – деді ол.