Жамбылда 35 құда бір жерде дауыс берді
Жамбылда 35 құда бір жерде дауыс берді
626
оқылды
Жамбыл облысында ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау ерекше өтуде. Бұған дейін қос ғасырдың куәсі болған кейуаналар, отау құрған жастар, даңқты спортшылар мен егіздер дауыс берсе, енді, міне, Сарысу ауданына Маңғыстаудан қыз берген 35 құда бір учаскеде дауыс берді.    width= «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» дейді қазақ даналығы. Маңғыстаулық құдалар екі жастың бақыт тойы сайлау күніне түскендіктен Сарысу жерінде дауыс беруге бел буыпты. Осылайша бір күнде қос қуанышты  тойлап жатқан құдалар ең бастысы ел тыныштығы мен жастардың бақытты болуын тіледі.