Түркістанда азық-түлік бағасы тұрақты
Түркістанда азық-түлік бағасы тұрақты
277
оқылды
Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы 14 әлеумет­тік дүкен мен 5 сауда орта­лы­ғында халық көп тұты­натын 19 түрлі тауар­дың бағасы толық бақылауға алын­ған. Бағаны тұрақты сақ­тау үшін облыстық тұ­рақ­тан­дыру қоры сауда орында­рына тауарларды жеткізіп отыр. Айта кету керек, базардағы азық-түлік бағалары көп жағдай­да құбылып тұрады. Әсіресе, азық-түлік қоры азая бастайтын көктемнен жаз айларына өтер сәтте көкөністердің бағасы көте­р­іледі. Осыған орай, жергі­лікті құзы­рлы орындар Түркістан қала­сындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты деп отыр. Айталық, халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында об­лыс­тық кәсіпкерлік және сау­да басқармасының ұйым­дас­тыруымен бірқатар іс-шаралар қол­ға алынуда. Атап айтқанда, ма­мандар кәсіпкерлермен әлеу­меттік маңызы бар азық-тү­лік тауарларының бағасын негіз­сіз көтермеу жөнінде жиын өткі­з­іп, ортақ келісімге келген. Нәти­же­сінде, тұрғындар азық-түлікті базар нарқынан 15-20% төмен бағада сатып алуда. Түркістан облыстық кәсіп­кер­лік және сауда басқармасы мен «Түркістан ӘӘК» АҚ тұ­рақ­­тандыру қорының ма­ман­­дары ұдайы сауда орындарын аралап, ха­лық көп тұтынатын тауар­лар­дың бағаларына бақылау жүр­гі­зеді. Азық-түліктердің баға­сы­на келсек, әлеуметтік дүкен­дер мен «Шапағат», «Дастарқан», «Бәй­те­рек», «Береке», «Дәулет» сауда орындарында нан бағасы 75 теңгеден сатылса, жұмыртқа – 26-28 теңге, картоптың келісі – 89 теңге, қырыққабат – 89 теңге, пияз – 56 теңге, сәбіз – 76 теңге, қанттың келісі – 205 теңге. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу мақсатында Түр­кіс­­тан қаласындағы «Гүлдер» аллея­сында ауыл шаруашылығы өнім­дерінің жәрмеңкесі айына 2 рет өткізілуде. Алдағы уақытта жәр­меңке 7, 21 наурызда және 4 сәуір­де өтеді.   Т.БЕЙСЕН, Түркістан облысы