Депутаттар сайлауы: 62,36% дауыспен қай өңір көш бастап тұрғаны белгілі болды
Депутаттар сайлауы: 62,36% дауыспен қай өңір көш бастап тұрғаны белгілі болды
335
оқылды
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы жаңа мәліметтерді жариялап, қай өңір көш бастап тұрғанын хабарлады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 14:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46,84%-ы бюллетеньдер алды. Оның ішінде:
  • Абай облысы бойынша – 52,28%
  • Ақмола облысы бойынша – 52,12%
  • Ақтөбе облысы бойынша – 51,28%
  • Алматы облысы бойынша – 52,13%
  • Атырау облысы бойынша – 36,15%
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 55,14%
  • Жамбыл облысы бойынша – 58,32%
  • Жетісу облысы бойынша – 52,41%
  • Қарағанды облысы бойынша – 56,97%
  • Қостанай облысы бойынша – 62,36%
  • Қызылорда облысы бойынша – 54,31%
  • Маңғыстау облысы бойынша – 49,18%
  • Павлодар облысы бойынша – 51,24%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 49,68%
  • Түркістан облысы бойынша – 48,37%
  • Ұлытау облысы бойынша – 52,29%
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58,69%
  • Астана қаласы бойынша – 33,65%
  • Алматы қаласы бойынша – 15,38%
  • Шымкент қаласы бойынша – 35,61%
 width=