АҚШ-тан келген бақылаушы: Сайлаушылардың ынта-ықыласына тәнті болдым   
АҚШ-тан келген бақылаушы: Сайлаушылардың ынта-ықыласына тәнті болдым   
486
оқылды
Алматы қаласындағы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында АҚШ-тан келген бақылаушы, Wikistrat Global Consultancy-дың аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушылары миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вейтцтың қатысумен баспасөз конференциясы өтті. Ол өзінің Алматыдағы сайлауды бақылау барысында алған алғашқы әсерімен бөлісті.  Спикердің айтуынша, ол таң атқалы Алматы қаласындағы 12 сайлау учаскесінде болған, тағы да он учаскеге баруға ниетті.  Айтуынша, онымен бірге Қазақстанға Тәуелсіз бақылаушылар миссиясынан тағы үш адам келген, бүгін олар Астанада жұмыс істеп жатыр.
«Біздің басты мақсатымыз – дауыс беру кезінде болу. Сонымен қатар маңызды тағы бір мақсат – Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай контекстінде сайлауды бақылау және бағалау үшін кеңірек контекстті қамтамасыз ету», – деді ол.
Ричард Уильям Вейтцтің пікірінше, Қазақстандағы осы маңызды саяси кезеңде АҚШ-тың болуы Америка-Қазақстан қарым-қатынасының маңыздылығын, Қазақстанның Орталық Азиядағы, кеңірек айтқанда, Солтүстік Атлантикалық қауымдастықтағы өңірлік маңызды рөлін растайды. – «Біз трансұлттық лаңкестікпен күрес, аймақтық қақтығыстарды реттеу, экономикалық ресурстарды игеру, әлеуметтік-экономикалық даму сияқты салаларда ынтымақтасамыз», – деп атап өтті АҚШ атынан келген бақылаушы. Сондай-ақ, ол бұл сайлауда халықтың ынта-жігері қызықтырғанын айтты. Оның айтуынша бұл сайлауда тәуелсіз кандидаттар, мен үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілгенін байқаған. АҚШ пен Қазақстандағы сайлауды салыстыра отырып, спикер АҚШ-тың сайлау жүйесі Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті. Ричард Уильям Вейтц біздің жүйені Германия мен Францияның саяси жүйелерімен салыстыруға болатынын атап өтті. Ұсыныстарға сілтеме жасай отырып, америкалық бақылаушы Қазақстандағы пікірсайыстарға көбірек ақша бөлуге болар ма еді деген пікір айтты, өйткені АҚШ-та, мысалы, оған миллиондаған доллар жұмсайды, ал Қазақстан әлдеқайда аз ақша бөлінеді. Осы сайлауды тікелей бақылауға қатысты спикер былай деді: «Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде, дауыс берушілер аз. Меніңше бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады. Ертеңгілік келген сайлаушылардың басым бөлігі үлкен кісілер болды. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көретін болар», – деді Ричард Уильям Вейтц.

Алматы