Әскерилер де таңдауын жасады

Әскерилер де таңдауын жасады

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен курсанттар үшін Мәжіліс пен мәслихат сайлауында әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында 21 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, азаматтық қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша дауыс берді. Заңға сәйкес әскери қалашықтар мен оқу орындарындағы учаскелерде әскерилер де өз таңдауын жасады.

– Мен алғаш рет дауыс беріп отырмын. Әскерде жүріп, Отанға деген патриоттық сезімің нығайып, сайлау сияқты іс-шаралардың маңызын түсінеді екенсің. Біз заң шығаратын, барша қазақстандықтардың мүддесін қорғайтын азаматтарды таңдаймыз. Парламентке келгендер сайлаушылардың сенімін ақтайды деген үмітім бар, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері байланыс полкінің әскери қызметшісі мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Дастан Манабаев.
Еліміздің өкілді органдарына кандидаттармен және олардың бағдарламаларымен қалай танысқаны туралы әртекті кемелер дивизионының әскери қызметшісі матрос Вячеслав Петров та айтып берді: – Әрине, уақыттың көп бөлігі жауынгерлік дайындыққа кетеді. Дегенмен, партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар туралы ақпаратты біз теледидардан кандидаттардың пікірталастарын көргенде білдік. Мен бүгін саясатқа жас, жігерлі адамдар келетінін және мұның жақсы нышан екенін байқадым. Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштер қолбасшылығы әскери қызметшілердің сайлау құқығын іске асыруға байланысты барлық мәселелерді сол күні қызмет атқару орны мен қызметтік міндеттеріне қарамастан оңтайлы шешті. Қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында ұйымдастырылған барлық учаскелерде дауыс беру аяқталғанын айта кету керек.