Тойдан тікелей сайлауға келді
Тойдан тікелей сайлауға келді
669
оқылды
Тараз қаласында той үстінен тікелей сайлауға келген жас жұбайлар Әбілмансұр Әбиербек пен Толқын Амангелдиева №46 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бүгін отау құрып жатқан жастар той алдындағы серуенді тоқтатып, өз таңдауларын жасауды құп көрген. Үйлену тойының шарасы қыза түскен сәтте жастар қабылдаған мұндай шешімге жақындары да, туыстары да  қолдау білдірген. Олар да сайлау учаскесіне бірге келіп, жас отбасын құрмет құшағына бөледі. Ал жас отбасы, бұл күн олар үшін тек үйлену тойымен ғана емес, тарихи сайлау күнімен ерекше есте қалатынын айтып, көпшілікті саяси науқанға белсене қатысуға шақырды. Айта кетейік, бұған дейін Сарысу ауданына Маңғыстаудан келген 35 құданың дауыс бергенін жазған болатынбыз.