Соғыстың соңғы сардары өз таңдауын жасады
Соғыстың соңғы сардары өз таңдауын жасады
550
оқылды
Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында таң атқаннан сайлау учаскелеріне ағылған халықтың қарасы қалың. Бұл күні қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың да өз таңдауын жасауына мүмкіндік қарастырылды. Соның бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері  Сәрсенбек Байжанов өз таңдауын жасап, үйінде дауыс берді. Жүз жасты алқымдаған шиелілік соғыстың соңғы сардарының жай-күйі ескерусіз қалмады. Комиссия мүшелері қарияның тұрғылықты мекенжайына арнайы барып, дауыс беруіне жағдай жасады. Қарт жауынгер кемел елдің келешегі жарқын болатынына сенім білдіріп, ақ батасын берді.