Франциялық бақылаушылар: Алматыдағы сайлау барысының ашықтығы байқалады
Франциялық бақылаушылар: Алматыдағы сайлау барысының ашықтығы байқалады
231
оқылды
Алматыда сайлау барысын бірқатар халықаралық байқаушылар бақылауда. Олардың арасында Франциядан келген сарапшылар да бар. Франция Республикасы Сенатының депутаты, «Франция – Орталық Азия» достық тобының төрағасы Эрве Морэнің айтуынша, Қазақстандағы сайлау процесі ашық және барлық демократиялық принциптерге сәйкес өтуде. Бақылаушылар таңертеңнен бері 4 сайлау учаскесінде болып үлгергендерін айтты. Олар әзірге қандай да бір заң бұзушылықтарды байқамаған. – «Жалпы, таңертең әртүрлі сайлау учаскелерінде барлық қажетті құрал-жабдықтардың бар екенін байқадым деп айта аламын. Яғни, тізімге тіркелген сайлаушыларға сайлау бюллетені беріледі, ол тәртіпке сай мөрленген жәшікке тасталады», – деп атап өтті халықаралық сарапшы. Жоғарыда айтылғандарға Франция Республикасы Сенатының депутаты, «Франция – Орталық Азия» достық тобының мүшесі Арно де Бельнэ де қосылды. – «Дауыс берушілердің жүздері күлімдеп, ашық-жарқын жүр, қосымша айта кететін болсам, Францияда шетелдік бақылаушыларға мұндай ашықтық пен жанашырлық жоқ. Физикалық құрылымы жағынан бәрі ұқсас, мен өзім үшін әртүрлі партияларды таныстыратын бақылаушылардың тұрақты түрде болғанын байқадым, бұл – ашықтық көрсеткіші. Әрбір партия бұл процесті мүмкіндігінше бақылай алады деп ойлаймын», – деп толықтырды ол. Сарапшылар Алматыда әлі де бірнеше сайлау учаскелеріне баруды жоспарлап отыр.