Ислам ынтымақтастық ұйымы өкілі бүгінгі сайлау процесіне қатысты пікір білдірді
Ислам ынтымақтастық ұйымы өкілі бүгінгі сайлау процесіне қатысты пікір білдірді
Ислам ынтымақтастық ұйымы саяси департаментінің кәсіби офицері Сэид Шейх Сэид Хассан Қазақстанда өтіп жатқан Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді.
«Біз Орталық сайлау комиссиясы тарапынан жасалған жан-жақты жұмыстарды өз көзімізбен көрдік. Бүгінгі сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Астанадағы сайлау учаскелерінде болып, процестің қалыпты, заңға сәйкес жүріп жатқанын байқадық. Барша талаптардың сақталғанын және құқық бұзушылықтардың жоқтығына көз жеткіздік. Ислам ынтымақтастығы ұйымы Қазақстандағы демократиялық процестерді одан әрі жақсарту үшін жәрдемдеседі», - деді Сэид Шейх Сэид Хассан.
Сонымен қатар ол елімізде өткен алдыңғы сайлаулар туралы да атап өтті.
«Бұған дейін Қазақстанда референдум және Президент сайлауы өтті. Содан бері Қазақстанда үздіксіз демократиялық процестер жүріп жатыр. Осы сайлау да алдыңғылардай жақсы өтеді деген үміттеміз», - деп сенім білдірді байқаушы.