Халықова қапқа салынған бюллетеньдерге қатысты пікір білдірді
Халықова қапқа салынған бюллетеньдерге қатысты пікір білдірді
438
оқылды
Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Халықова №409 сайлау учаскесінен бюллетеньдері бар қапқа қатысты пікір білдірді. Алматы қаласы Медеу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, Мәжіліс депутаттығына кандидат Р.Хасановтың сенім білдірген адамдары аталған сайлау учаскесінде тіркелмеген. Оның айтуынша, бұл сайлау учаскесі облыстық ауруханада орналасқан, яғни бұл азаматтардың уақытша болатын жерінде ашылған мамандандырылған учаске. Тиісінше, ауданның аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша, сайлаушылар тізімге енгізілген барлық азамат өз дауысын бергеннен кейін кез келген уақытта дауыс беруді аяқтай алады. Бұл учаскеде де жағдай солай болған көрінеді.
«Осыған байланысты алгоритмге сәйкес, комиссия мүшелері дауыс беруді аяқтады, хаттамаға қол қойды және бюллетеньдер бар қапты жинады. Осы уақытта Р. Хасановтың сенімді адамдары келіп, хаттама сұрай бастады. Дауыс беру уақытының аяқталуына байланысты оларға хаттама берілмеді. Алгоритмге сәйкес, хаттама және бюллетеньдер салынған қап аудандық сайлау комиссиясына жіберілді», – деді А.Халықова.