Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 18.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11 пайызы бюллетень алды. Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 56,14%
- Ақмола облысы бойынша – 59,44%
- Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%
- Алматы облысы бойынша –59,74%
- Атырау облысы бойынша –49,19 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша –58,81%
- Жамбыл облысы бойынша – 65,00%
- Жетісу облысы бойынша – 55,07%
- Қарағанды облысы бойынша – 58,85%
- Қостанай облысы бойынша – 65,00%
- Қызылорда облысы бойынша –65,70 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%
- Павлодар облысы бойынша – 58,61%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –64,46%
- Түркістан облысы бойынша – 51,07%
- Ұлытау облысы бойынша – 58,63%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша –63,63%
- Астана қаласы бойынша – 40,94%
- Алматы қаласы бойынша –22,95%
- Шымкент қаласы бойынша – 43,89%