20.10-дағы жағдай: сайлаушылардың қанша пайызы дауыс бергені анықталды

20.10-дағы жағдай: сайлаушылардың қанша пайызы дауыс бергені анықталды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 пайызы бюллетень   алды. Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 57,02%
  • Ақмола облысы бойынша – 60,01%
  • Ақтөбе облысы бойынша – 57,45%
  • Алматы облысы бойынша – 60,03%
  • Атырау облысы бойынша – 50,22 %
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01%
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
  • Жетісу облысы бойынша – 55,32%
  • Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
  •  Қостанай облысы бойынша – 65,10%
  •  Қызылорда облысы бойынша – 66,46%
  • Маңғыстау облысы бойынша – 54,08 %
  • Павлодар облысы бойынша – 58,68%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
  • Түркістан облысы бойынша – 53,01%
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,99 %
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
  • Астана қаласы бойынша – 42,91%
  • Алматы қаласы бойынша – 25,82%
  • Шымкент қаласы бойынша – 45,46%