Сайлау туралы заңнаманы бұзудың 18 фактісі расталды – Бас прокуратура
Сайлау туралы заңнаманы бұзудың 18 фактісі расталды – Бас прокуратура
426
оқылды
Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазиннің айтуынша, сайлау туралы заңнаманы бұзудың 18 фактісі расталған.
"Бүгінгі жағдайда 18 тұлғаның тарапынан "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарын бұзу фактілері расталды. Олардың 12-сі  бұдан бұрын айтылғандай, азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн берумен байланысты. Олардың бесеуі – Алматы облысында, үшеуі – Солтүстік Қазақстан облысында, біреуі – Жетісу облысында және Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында бір-бірден", – деп хабарлады Азамат Сарғазин.
Оның айтуынша, бұл құқықбұзушылықтар бойынша кінәлі деп танылған сайлау комиссиясының мүшелері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 110-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.