ШҚО-да «КамАЗ» балалар ойын алаңына соғылды
ШҚО-да «КамАЗ» балалар ойын алаңына соғылды
653
оқылды
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы түскі уақытта Гэсовская көшесінде болған.
«КамАЗ» көлігін 50 жастағы ер адам тізгіндеп келе жатқан. Жолды және метеорологиялық жағдайды ескермеген жүргізушінің қауіпсіз жылдамдықты таңдамауы салдарынан ауыр жүк көлігі №16 үйдің жанындағы балалар ойын алаңына соғылды. Соққыдан көлікте тұрған жүк аударылып, қосалқы трансформаторлық стансаны зақымдады», – делінген ақпаратта.
Абырой болғанда, алаңда болған ата-аналар мен балаларға ешқандай зақым келген жоқ. Жүргізуші де жарақат алмаған.
«Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін», – делінген хабарламада.