ЖСДП төрағасы мен үміткерлері дауыс берді
ЖСДП төрағасы мен үміткерлері дауыс берді
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
386
оқылды
Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов Астана қаласындағы №158, Нұрлан Әуесбаев №198 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткерлер Мақсұт Насибулов отбасымен бірге №3 сайлау учаскесінде, Талғат Омаров отбасымен бірге Астана қаласындағы №45 сайлау учаскесінде өздерінің таңдауларын жасады.
ЖСДП-ның партиялық тізіміне енген Айдар Алибаев пен Ирина Әлімжанова, Тазабек Самбетбай дауыстарын Алматы қаласында берді.
Аймақтардағы социал-демократтардың өкілдері де бүгін сайлау учаскелеріне барып дауыстарын берді: Валерий Смоквин Көкшетау қаласындағы №11 сайлау учаскесінде, Мирамбек Камалов Ақтөбе қаласындағы №108 учаскесінде. ЖСДП-ның басқа да үміткерлері мен белсенділері сайлауға қатысып, таңдауларын жасады.